Елімізде лор дәрігерлері жетіспейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде лор дәрігерлері жетіспейді

16.10.2023

Елімізде соңғы кезде жастардың құлаққапты шешпей тағып жүруі салдарынан, есту қабілеті төмендеп барады. Дәрігерлер осылай дабыл қағуда. Дер кезінде емдетпесе, хирургиялық оталар да көмектесе алмауы мүмкін. Түркістанда өткен ото-рино-ларингологтардың халықаралық форумында бас қосқан лор дәрігерлер қоғамда белең алған аурулар мен оларды емдеу жолдарын талқылады. Білікті мамандар сондай-ақ, ковидке шалдыққан науқастарда құлақ, мұрын және тамақ аурулары созылмалы түріне айналып кеткенін алға тартады. Алыс-жақын шетелдерден келген дәрігерлер соңғы тәжірибелерімен бөлісті. Жас мамандарға пластикалық және эндоскопиялық оталар жасау мен осы саладағы жаңа технологияларды қолдану жолдарын үйретті. Себебі, елімізде лор дәрігерлер жетіспейді. Әсіресе өңірлерде дәрігерлердің біліктілігін арттыру маңызды дейді сала мамандары.

Талапбек Аженов, Медицина университетінің кафедра меңгерушісі, медицина ғылымының докторы:

Қазақстанда лор дәрігерлерінің саны 1400-дей . Ал кешегі санақ бойынша елімізде 20 млн-дай халық бар. Лор дәрігерлер үлкен қалаларда көп шоғырланған. Сондықтан осы өңірге келіп, оңтүстік Қазақстанның мамандары көрсін білсін деп білгенімен бөлісті. Біз жылда өткізіп тұрамыз осындай үлкен конференцияларды.


Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу