Перуашев түркістандық дәрігерлерді марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Перуашев түркістандық дәрігерлерді марапаттады

25.09.2020

«Ақ жол» қоғамдық демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев Түркістан қаласындағы жекеменшік клиникаға келіп, медицина қызметкерлерімен кездесті. Пандемия кезінде провизорлы бөлімшеде 300-ден аса науқасты емдеп, аман алып қалған сала мамандарына алғысын білдірді. Қауіпті індет белең алған тұста уақытпен санаспай, өз денсаулықтарын қатерге тіккен бірқатар медицина қызметкерлерін партияның «Жанқиярлық ерлігі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Азат Перуашев дәрігерлер мен орта буын мамандарының талап-тілектері мен ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қажет болған жағдайда Үкіметке немесе Денсаулық сақтау министрлігіне жеткізетінін атап өтті.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу