V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына 1000-нан аса ерікті жұмылдырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына 1000-нан аса ерікті жұмылдырылады

31.01.2024

Елордада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 1000-нан аса ерікті жұмылдырылады. Олар меймандарды күтіп алу, бас шаһарды таныстыру, аудармашы секілді 12 бағыт бойынша жұмыс атқарады.Ұйымдастырушылар қонақжайлық мәдениетін көрсетуде волонтерлардың маңызы зор дейді. Ал еріктілерді іріктеу кезінде 14 пен 75 жас аралығындағы үміткерлер таңдалады. Дүбірлі доданы дайындау және өткізу дирекциясы волонтерлық қызметке қызығушылық білдіріп жатқан шетелдіктер де бар дейді.

Бақдәулет Жанділдаев, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция жетекшісі:

Қызығушылық танытқан еріктілер, студенттер арнайы анкета толтырады. Сол анкетаны толтырғаннан кейін ол студенттермен және қызығушылық білдірген жастармен сұхбаттасу жүргізетін боламыз. Сол сұхбаттасудан кейін еріктілерді оқыту және еріктілердің қыркүйек айында жұмысы кезінде бірге қызмет атқаратын боламыз.


Тәуірбек Бозекенов

Хабарламаларға жазылу