Астанада халықаралық нейрохирургтар семинары өтті
Астанада халықаралық нейрохирургтар семинары өтті. Семинарға еліміздің барлық өңіріндегі осы салада жүрген дәрігерлер мен Қытай, Моңғолия, Беларусь, Украина, Ресей, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан мамандары да келді.
Еуропалық хирургтер тәжірибелерімен бөлісуде.
Көрмеге келушілерге омыртқа жарақатын емдеу шаралары мен миға жасалатын операциялар туралы толық мағлұмат берілді.
Сондай-ақ, ең соңғы жаңа құралдардың бірі - операция жасауға арналған кереует-орындық таныстырылды.
Соңғы жылдары елімізде бұл сала қарқынды дамып келеді. Астанадағы нейрохирургия орталығында ашылған 2008 жылы 500 операция жасалса, өткен жылы 2,5 мыңға жеткен.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18