Алматыда жасанды ұрықтандырудан 10 000-шы сәби дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жасанды ұрықтандырудан 10 000-шы сәби дүниеге келді

11.04.2015
Алматыда жасанды ұрықтандырудан 10 000-шы сәби дүниеге келді

«ЭКО» бағдарламасы бойынша 10 мыңыншы сәби дүниеге келді.

Перзентті 5 жыл зарығып күткен ерлі-зайыпты Ерік пен Марал 21-ші наурызда Жанерке мен Жалғас есімді егіздердің ата-анасы атанды. Бір емес, қос сәбилі болды.

Қазақстанда қазір жылына мыңнан астам бала осы жасанды ұрықтандыру тәсілімен дүниеге келеді. Репродуктивті медицинаны меңгерген екі мемлекеттік орталық пен жеке клиникаларда 5500 бағдарлама жасалады. «Бағдарламалар көрсеткішін адам санына шаққанда Ресейден ілгері, батыспен тең деңгейде тұрмыз»,-дейді мамандар.

Еліміздегі 20 репродуктивті ғылыми орталықта микротеза сынды белсіздіктің ауыр түрлері де емделуде. Бастысы Қазақстан заңнамасында кейбір елдердегідей суррогат ана, жасуша доноры және жасанды генетикалық технологияларға шектеу қойылмаған. Мемлекет үшін шаңырақ берекесі - сәби күлкісі маңызды.

Дәурен ДАРИЯБЕК

 
 
 

Хабарламаларға жазылу