Астанада жүрек-қан тамыры ауруынан сақтап қалатын теңдессіз техника таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жүрек-қан тамыры ауруынан сақтап қалатын теңдессіз техника таныстырылды

28.03.2015
Астанада жүрек-қан тамыры ауруынан сақтап қалатын теңдессіз техника таныстырылды

Кенеттен жүрегі ауырған адамға лезде көмек көрсететін теңдессіз құрылғы Астанада таныстырылды. Аталмыш дефибриллятор адам көп жүретін орындар -әуежай, вокзал, сауда орталықтары мен оқу орындарына орнатылмақ.

Қысқа мерзімде қуаттанатын құрылғы жүректің тоқтауы кезінде жасанды тыныс алуға жәрдем етеді. Жүрек қағысын бақылап, лезде қалпына келтіруге көмектеседі. Құрылғыны қолдану да қиын емес, дыбыстық жазба арқылы науқасқа алғашқы көмек көрсетуге болады.

Ғалымдардың пайымдауынша, жүрек-қан тамыры ауруларынан қаза табатын адамдарға дер кезінде көмек көрсетілсе, кем дегенде 30 пайызының тірі қалу мүмкіндігі бар.

«Дефибрилляторды адам көп шоғырланған жерлерге орнатса, аталмыш аурудан қаза табатындар саны күрт кемитін еді»,-дейді конференцияға қатысушылар. 

Хабарламаларға жазылу