Білім күні қарсаңында бас қалада Абай атындағы гимназия ашылады. Бүгін ақынның 175 жылдығын тойлауға жиылған көпшілік қауымға осындай сүйінші хабар жеткізілді.
Жалпы, алып тұлғаның бай мұрасын насихаттау уақыт өткен сайын үдемесе кемімейді. Себебі тау алыстаған сайын көріне бастайды. Нысаналы Ығыл тарқатсын.
Абай ескерткішінің алды гүлден кейін өлеңмен көмкерілді. Ақын өлеңін оқу эстафетасын Мемлекет басшысына жолдаған 9 жастағы Ләйлімді жұрт ұйып тыңдады.
Игі бастама науқан күйінде қалмауы керек. Қасым-Жомарт Тоқаев эстафетаны тоқтатпауды, оның жалпыхалықтық сипат алуын Президент Әкімшілігіне тапсырған болатын. Ал Абайдың жиені Ләйлә апай атасының өсиетімен жүреді. Ол ақынның бәйбішесі Ділдәдан туған Ақылбайдың шөбересі.
Ләйлә Баймағамбетова, Абайдың жиені:
Абай атамыздың ұрпақтары қазір азайды. Қазір жоқ. Бәрі о дүниелік болды. Тек қана Алматы қаласында Айдар деген тұрады. Ол Абайдың тұқымы. Абай өзі айтты үш ақ нәрсе адамның қасиеті – ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жыл жүрек. Мен сол қасиеттерді ұстанамын.
Кемеңгер тұлғаны әр заман өзінше таниды. Абыз ақсақал Мекемтас Мырзахметұлы «ойшылдың «толық адам» ілімін толық аштық, оқулықтарға жүйелеп енгіздік. Бірақ жантану ілімін әлі жарыққа шығармадық»,-дейді. Мұны философтардың еншісіне қалдырған.
Мекемтас Мырзахметұлы, абайтанушы:
Біздің халықтың бәрі бұрынғы советтік идеологиямен қалыптасқан. Материалистік, атеистік көзқарастар. Ол жалған болып шықты. Қазір квантовый физиктер жаратушы ие бар деп танып отыр ғой. Оны біздің бабалар баяғыда танып қойған. Енді қайтадан сол жолға түсеміз. Абайды зернттеудің рельсі енді солай қарай салынады. Бұрынғы затшылдықтан бас тартамыз да, енді осыған қарай кетеміз. Сонда ғана Абай шын мәнінде ашыла алады.
«Қазақтың бас ақынының 175 жылдығын ұрандатып емес, мәніне үңіліп өткізсек, ұтарымыз көп»,-дейді абайтанушы.
Нысаналы ЫҒЫЛ