Ішкі нарықта отандық өнім неге аз?
Енді асыл мұраттардан жердегі тіршілікке келейік. Жолдауында Президент «Елдегі азық-түлік нарығындағы... қазіргі жағдайды айтудың өзі ұят. ...Еуразия экономика одағына мүше басқа мемлекеттердің кәсіпорындарымен салыстырғанда, біздің кәсіпкерлеріміздің қажетті мөлшерде мемлекеттік қолдауға ие болмай отырғаны анықталды. Сол себепті олар тиімсіз жағдайларға тап болып, ішкі нарықтың өзінде бәсекелестеріне есе жіберіп жатыр» - деді.
Неге импорт
азық-түлік өте көп?- деген сауалдың ар жағында отандық өндірушілер, фермерлерге
деген жанашу ғана жатқан жоқ. Бағаның тоқтаусыз өсуіне әсер етіп отырған
әлеуметтік және саяси мәселе де.
Профессор
Құрманғали Дәркеновтің мысалынан бастайық: 2016
жылы 1 млрд 800 млн доллардың азық-түлігін сырттан алып келдік. Арада 8 жыл
өткенде 2024 жылы 4 млрд доллардың азығын сырттан тасыдық. Халық саны күрт
өскен жоқ. Бірақ, азық-түлікке деген тәуелділік, сырттан сатып алу шапшаң өсіп
кетті.
Экономикалық шолушы
Айбар Олжаевтың аргументтерімен жалғастырайық: Сыртқы нарықта біздің табансыздығымыз, өзімізді өзіміз қорғай
алмауымыз, ынжықтығымыз бар. Нарықты Ресей мен Беларус өнімдеріне толық ашып
тастадық. Олардың сүт өнімдерін өндірушілері мемлекеттен субсидия алады. Басқа
елдердің нарығына шығу үшін мемлекет оларға экспорттық көмек береді.
Ал ең бастысы - субсидиялар тиімді игерілмей жатыр.
Себебі оның тиімді механизмі жасалған жоқ. Бұл нарықта жемқорлық көп.
Ырың-жырың.
Осы сарапшыларды
және фермердің айтқандарын Раушан Сайлауқызы талдайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
