Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысының қатысуымен Тамыз конференциясы өтеді

Мемлекет басшысының қатысуымен Тамыз конференциясы өтеді

Ертең педагогтардың бәрі Елордаға жиылады. Білім-ғылым саласының мамандары тамыз конференциясында сан сұрақты талқыламақ. «Мысалы, әлеуметтік жетімдік мәселесі жедел шешілмесе жағдай шиеленісіп кетеді»,-дейді Мәрия Бейсекенова. Ол ата-анасы тірі бола тұра панасы жоқ балалар барын айтады. «Себебі маскүнемдікке  салынғандардың салдарынан жәутең көздер көп»,- деп отыр. Ұстаз осы түйткілдің түйінін тарқатуға Тамыз кеңесі үлкен сеп боларынан үмітті.

Мәрия Бейсеканова, «Үміт» балалар үйінің директоры /ШҚО/:

Қазіргі кезде әрбір ұстаз одан қорықпау керек. «Балалар үйі жабылып қалады, жұмыссыз қаламыз»,-деп. Жақсы кәсіби ұстаз әр уақытта жұмысын табады. Енді бізде қазақта жетімдікті көрсетпеген халықпыз ғой. Әлеуметтік жетімдік деп соны айтамыз. Көп-көп көңіл бөлініп терең мағынада, мазмұнда жұмыс істеуіміз керек ата-аналармен.

Сондай-ақ келелі кеңесте ғылым мен ғалым рөлі де кең көтеріледі. Мақсат сол сала туралы баяндама жасамақ. Оның айтуынша, ғылым айналасындағы орта жас шамасы – 35. Яғни жастардың қызығушылығы зор. Барлығының басын қосатын Жас ғалымдар альянсы жұмыс істейді. Соңғы кезде ғылыми жобалар коммерцияландыру бағытында жасалып жатыр. Дегенмен ізденіс жолындағылар Тамыз конференциясында саладағы түйткілдердің талқыланарына сенімді.

Мақсат Жабағин, Ұлттық биотехнология орталығы адам генетикасы зертханасының меңгерушісі:

Тек қана ғылымға емес, сол ғылымда жүрген жастардың да ойын тыңдауға, көтеретін мәселелерге құлақ түріп, бірлесе отырып шешуге мүмкіндік береді деп ойлаймын.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Бөлісу