Америкалық «StrategEast» орталығы қазақстандық ғалым Ерден Қажыбекті арнайы сыйлықпен марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Америкалық «StrategEast» орталығы қазақстандық ғалым Ерден Қажыбекті арнайы сыйлықпен марапаттады

29.03.2019

Америкалық «StrategEast» стратегиялық орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры, танымал ғалым Ерден Қажыбекті арнайы сыйлықпен марапаттады.

Аталған сыйлық филология ғылымдарының докторы, профессор Ерден Задаұлына мемлекеттік тілді латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшіру жұмыстарын іске асыруда қосқан зор үлесі үшін берілген. Бұл - әлемдік деңгейдегі беделді марапаттардың бірі. Оны мемлекеттің мәдениет, ғылым, экономика саласының дамуына атсалысқан тұлғаларға табыс етеді.

Михаэль Бродский, «StrategEast» орталығының өкілі:

- Біздің ойымызша Қазақстанның латын қарпіне көшуі елдің халықаралық ұйымдармен байланысын нығайтып, мемлекетті модернизациялауға себеп болады. Мәселе, тек тілде емес, жаңа қаріпке көшу халықтың санасын өзгертеді. Біз Ерден Қажыбек мырзаның осы салада еткен елеулі еңбегі үшін марапаттауды жөн көрдік.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу