Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған қазақстандық құтқарушыларды марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған қазақстандық құтқарушыларды марапаттады

26.04.2023

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған қазақстандық құтқарушыларды марапаттады. Бұл марапатты тапсыру үшін Түркия Президенті тарапынан Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Ибрахим Күлшімбаев Анкараға арнайы шақырылды. Вице-министрге «Түркияға сіңірген ерекше еңбегі үшін» жоғары дәрежелі алтын медалі табысталды. Ал Қазақстанның Түркиядағы елшісіне арнайы алғыс хат берілді. Сондай-ақ, осы зілзала кезінде Қазақстанның Түркиядағы елшілігі қызметкерлері мен журналистер де құтқарушылармен бірге күндіз-түні жұмыс істеді. Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі осы еңбекті ескеріп, елшілік қызметкерлері мен Түркиядағы қазақстандық ақпарат құралдарының тілшілерін арнайы төсбелгімен марапаттады. Марапат алғандар арасында біздің арнаның Түркиядағы меншікті тілшісі Айдос Әшімұлы да бар.

Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу