Астаналық жастар форумы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық жастар форумы басталды

12.03.2019

«Астана жастары - Қазақстанның индустриялық стратегиялық дамуында». Елордада осындай атаумен жастар форумы ɵтiп жатыр. Қазiр ол аяқталуға жақын. Тiлшiмiз Оңғар Алпысбайұлы осы шараның бел ортасында жүр. Эфирге тiкелей қосылып, форум жайлы баяндап берсiн.

Оңғар Алпысбайұлы, тiлшi:

Жастар жылы аясында, наурыз мейрамы қарсаңында ұйымдастырылған шара мерекелiк кɵңiл күйге толы болды. Колледждерден жасақталған оркестр қазақы күй орындалды. Дизайн, сəн мамандығы бойынша оқып жатқан студенттер қазақы киiмдердiң сəн үлгiсiн кɵрсеттi. Кɵктем шуағы деп аталатын кɵрсетiлiмдегi барлық кɵйлек студенттердiң қолынан шыққан. Одан соң шараның ресми бɵлiгi басталды.

Ол жерде Астананың бiлiмдi, белсендi жастарының ойлап тапқан жобалары, идеялары, жүзеге асыруға болатын жаңа мақсаттары таныстырылды. Егер олардың нәтижелі болуы мүмкін деп танылғандары болса болашақта ол міндетті түрде жүзеге асырылмақ. Менің қасымда қазір осы форумның қатысушысы, Астана қаласындағы колледждің студенті Нұрдаулет Алтынбек тұр.

Нұрдәулет Алтынбек, студент:

Бүгінгі форумға келудегі мақсатым – қатарластарымның қолынан шыққан дүниелерді көру және өз жобама алып-қосары бар ма соны білу.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу