Астанада Президенттің қатысуымен республикалық Жастар форумы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Президенттің қатысуымен республикалық Жастар форумы басталды

01.12.2016
Астанада Президенттің қатысуымен республикалық Жастар форумы басталды

 

Астанада Президенттің қатысуымен республикалық Жастар форумы өтіп жатыр. Оған еліміздің барлық облыстарында өткен облыстық жастар форумынан іріктеліп алынған жастар қатысуда,

Екі жылда бір өтетін форум биыл белсенді, шығармашыл, қызметкер, ғылым жолындағы мыңнан астам жастың басын қосты. 

Дәстүр бойынша, Жастар форумы аясында мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөніндегі ұсыныс және мемлекеттік органдармен ынтымақтастықты нығайтудың қосымша механизмдері қабылданатын болады. 

Форум жұмысына сондай-ақ, Парламент депутаттары, мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы орган басшылары, саяси партиялар мен кәсіподақтардың өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері шақырылған. 

inform.kz

Хабарламаларға жазылу