Алматыда «Жаңа толқын 100+» жастар форумы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Жаңа толқын 100+» жастар форумы басталды

22.06.2018

Алматыда «Жаңа толқын 100+» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар форумы басталды.

Шарада жас өнертапқыштар инновациялық «Start-up» жобаларын «печа-куча» үлгісінде көпшілік назарына ұсынды. Үздік идеяларды кәсіпкерлер мен меценаттар және әлеуетті инвесторлар сараптап, баға берді. Сондай-ақ, олар қаржылай көмек көрсететіндіктерін жеткізді.

Бұдан бөлек, «Табыс сыры» тақырыбында шеберлік сабақтары да ұйымдастырылып, «Қазақстанның 100 жаңа есіміне» енген жастар өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. 

Амангелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу