«Жастар форумы - теледебат». «Қазақстан жастары: білімнен инновацияға дейін» (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жастар форумы - теледебат». «Қазақстан жастары: білімнен инновацияға дейін» (ВИДЕО)

30.11.2016
«Жастар форумы - теледебат». «Қазақстан жастары: білімнен инновацияға дейін» (ВИДЕО)

Бүгін Астанада республикалық Жастар форумы басталды. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған форумға еліміздің барлық өңірінен 700-ге жуық делегат қатысуда.

Форумның басты мақсаты – мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдары арасындағы диалог пен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. Мемлекеттің жастар саясатын іске асыру мәселелері бойынша шешім қабылдауына жастардың қатысуына мүмкіндік беру.

Бүгін форумның алғашқы күні. Ертең жастар 7 түрлі тақырып бойынша дискуссия өткізеді.

Тақырыптар:

  • «Қазақстан жастары: білімнен инновацияға дейін»;
  • «Дені сау жастар – Қазақстанның болашағы»;
  • «Жастар және бизнес»;
  • «Спорт – денсаулық кепілі»;
  • «Жастар және заң»;
  • «Өңірдегі жастар саясатының дамуы»;
  • «Жастар және қоғам».

Хабарламаларға жазылу