Ғылым мен бизнес түйіскен алаң - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғылым мен бизнес түйіскен алаң

01.03.2019

Ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту жолы – бұл инновацияны қолдау. Ғылым мен бизнестің өзара іс-қимылы туралы меморандумға қол қойылды. Қазақстан машина жасаушылар одағы және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Президент Жолдауының негізгі тармақтарын іске асыруға кірісті. Іс-шара машина жасау саласында жаңа форматтағы кадрларды дайындауға бағытталған.

Сонымен қатар, зерек студенттерге зерттеулерін жалғастыруы үшін робототехника бойынша оқу жинақтары мен қорғаныс құралдарын табыс етті.

Ақылбек Күрішбаев, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры:

- Әлемдегі ең беделді, үздік университеттердің тәжірибесін қарайтын болсақ, оларда үш негізгі бағытта дамып жатыр. Білім жүйесі, ғылым жүйесі, өндіріс пен бизнес байланысы. Біздің университеттің техника факультеті осы бағытта жұмыс істеп, өзіміздің машина жасау мекемелерімен бірге байланысқа кіріп, біздің студенттер сонда тәжірибеге барып, жұмысқа орналасатын болады.

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу