Кәсіпкерлер Қызылжарда бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлер Қызылжарда бас қосты

08.09.2014
Кәсіпкерлер Қызылжарда бас қосты

Бизнес-идеяларды нарыққа жылжыту. Қызылжарда бас қосқан кәсіпкерлер мен ғылым өкілдері осы тақырыпта пікір алмасты.

Семинарды ұйымдастырушы - ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Технологияларды коммерцияландыру орталығы».

Екі күндік кездесу барысында жиынға қатысушыларға технологияларды әзірлеу барысында одан пайда түсіру тетіктері көрсетілді.

Мақсат -  кәсіпкерлер мен жас ғалымдарды ынталандырып, жаңа жобалардың жүзеге асырылуына жағдай жасау.

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу