Алматыда «Ғылым және бизнес» халықаралық форумы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Ғылым және бизнес» халықаралық форумы өтеді

08.04.2016
Алматыда «Ғылым және бизнес» халықаралық форумы өтеді

Алматыдағы «Ғылым ордасы» ғимаратында биылғы жылдың 11 сәуірінде Ғылым қызметкерлері күніне арналған «Ғылым және бизнес» халықаралық форумы өтеді, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталмыш шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің қатысады деп күтілуде.

Форумының мақсаты – Ғылым қызметкерлері күнін мерекелеу, республикамыздағы ғылым саласын дамытудың өзекті мәселелерін жан-жақты талқылау, Қазақстан ғылымының одан әрі дамыту келешегін анықтау, ғылым мен бизнес арасындағы өзара тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз ету, Қазақстандағы ғылыми-техникалық және инновациялық саясаттың мүмкіндіктерін талқылау.

Шараға 350-ден астам азамат қатысады деп күтілуде. Олардың арасында Қазақстанның ғалымдары мен академиктері, Ұлттық ғылыми кеңестің мүшелері, шетелдік  сарапшылар, мемлекеттік органдардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Ұлттық компаниялардың өкілдері,  Назарбаев университетінің басшылары, ғылым ұйымдары мен жоғары оқу орындарының қызметкерлері қатысады деп күтілуде.

Хабарламаларға жазылу