«Синергия: ғылым, бизнес және қоғамды бірлестіру» форумы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Синергия: ғылым, бизнес және қоғамды бірлестіру» форумы өтеді

22.01.2014
«Синергия: ғылым, бизнес және қоғамды бірлестіру» форумы өтеді
 
2014 жылғы 23 қаңтарда Алматыда «Синергия: ғылым, бизнес және қоғамды бірлестіру» атты форум өтеді.
 
Шара «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ («ҰҒТСО» АҚ) және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің (ҚР БҒМ) ұйымдастыруымен жүзеге аспақ.
 
«Синергия» форумы – ғылым мен технологиялардың әлуетін Қазақстан экономикасы және әлеуметінің өзекті мәселелерін жұмылдыруға және шешуге бағытталған ғылыми орта, бизнес арасындағы диалог жүргізу алаңы.
 
Қатысушылар форум шеңберінде Қазақстан ғылымы мен технологияларының 2030 жылға дейін даму жолдарын талқылайды.

Хабарламаларға жазылу