Басты Жаңалықтар Мектеп оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүріп жатыр

Мектеп оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүріп жатыр

Шығыс Қазақстанның жоғары оқу орындарының қызметкерлері аудандарды аралап, оқушылар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын бастады. Негізгі мақсат - жастарға дұрыс мамандық таңдауға жәрдемдесу. Алтай ауданына барған университет өкілдері 11-сынып оқушыларымен кездесіп, қазір қандай мамандарға сұраныс жоғары екенін айтып берді.

Балалар сол мамандықтардың ерекшеліктерімен танысып, қонақтарға өздерін қызықтырған сауалдарын қойды. Жалпы, Алтай ауданында соңғы 3 жылда отандық жоғары оқу орнына түскен түлектер саны едәуір артқан.

Меруерт Қалымжанова, 11-сынып оқушысы:

- Кездесуде мен барлық сұрақтарыма жауап алып, өзімнің мамандығымды нақты таңдаған сияқтымын. Ендігі мақсатым - Қазақстанда қалып, білім алып, еліме пайдасы тиер бір маман иесі атану.

Әлия Өскенбай, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ университетінің деканы:

- Бүкіл облысты аралап шығуға тырысамыз. Өйткені біз жастарға жан-жақты қолдау көрсетіп, дұрыс мамандық таңдауына көмек көрсетуіміз керек. Оған бейжай қарауға болмайды. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты жаңалықтарды да түсіндіру - біздің мақсатымыз.

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу