Жапондардың бала тәрбиесінде қазаққа ұқсастығы көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапондардың бала тәрбиесінде қазаққа ұқсастығы көп

27.10.2015
Жапондардың бала тәрбиесінде қазаққа  ұқсастығы көп
Жапондардың бала тәрбиесінде қазаққа  ұқсастығы көпЖапония Премьер-министрінің жұбайы Акие Абе Астанадағы Оқушылар сарайында балалармен кездесті. Мәртебелі мейман оқушылардың түрлі сауалдарына жауап бере отырып, жапондар мен қазақтардың бала тәрбиесі мәселесінде бір-біріне ұқсас мінездері мол екендігін айтты.

Кездесу оқушылар мен Акие Абе ханымның арасындағы әдемі әңгімеге ұласты. Оқушылар Жапониядағы құрбылары туралы, бала тәрбиесі, мемлекеттің балаларға жасайтын қамқорлығына қатысты сауалдар қойып, қызықты мәліметтермен танысты. Әсіресе, оқушыларды Жапон елінің балаларға жасап отырған қамқорлығы қызықтырды. Сонымен қатар, балалар өзге де сауладар қойды. Өзара пікір алмасумен басталған әңгіме би залында жалғасып, астаналық оқушылар қонақ үшін «ауылдың алты ауызы» ретінде өнерлерін көрсетті.
Толығырақ Ұлттық арнаның жаңалықтарынан көре аласыздар

Хабарламаларға жазылу