Астаналық оқушылар дипломаттардың жұмысымен танысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық оқушылар дипломаттардың жұмысымен танысады

26.10.2018

Астаналық оқушылар нағыз дипломаттардың жұмысымен танысады. Қаладағы жеті мектеп-гимназияның шәкірттері тәжірибеден өтетін елшілігін жеребе тарту арқылы таңдады. Сыртқы істер министрлігінің «Жас дипломат» жобасын жүзеге асыруға Бразилия, Германия, Грузия, Оңтүстік Корея, Польша, Түркия және Жапония елшіліктері келіскен.

Танымдық шара Елбасының 2019 жыл Жастар жылы деп жариялануына орай ұйымдастырылып отыр. Жеткіншектер алда БҰҰ моделімен «Болашақтың энергиясы» тақырыбында отырыс өткізеді. Бірақ, таңдаған елшіліктеріне қарай сол мемлекетті таныстыруы тиіс.  

Диас Төлепберген, оқушы:  

Түркия елшілігімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге мүмкіндік алып отырмыз. Біз әрине, оған қатты қуаныштымыз. Алдағы уақытта «Болашақ энергиясымен» түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, жұмыстар атқаратын боламыз.  

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз. 

 

Хабарламаларға жазылу