Басты Жаңалықтар Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа бағыт

Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа бағыт

Ақмола облысы университеттері мен колледждерінде «Адалдық елшісі» пайда болуы мүмкін. Ол - сессия кезінде пара беретіндерді, плагиатпен айналысатындарды тезге салатын тұлға.

«Ақмола - адалдық алаңы» жобасының авторлары қоғамның жемқорлыққа қарсы осындай ұсыныстарын жинақтап, жүзеге асыру жайын талқылады. Сондай ұсыныстардың бірі - білім беру саласында қаржыландыру мен бухгалтерлік есепке орталықтандырылған жүйе енгізу. Балаларды 1-сыныпқа қабылдау жүйесіне де өзгеріс енгізу керектігі сөз болды.

Айта кету керек, былтыр Ақмола облысы бойынша білім беру саласында 5 маман жемқорлық бойынша жауапкершілікке тартылған.

Ерлаз Жайықбаев, «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі:

- Бүгінгі жиында біз білім беру саласындағы жемқорлықты болдырмау мақсатында бірқатар ұсыныстарымызды жасап отырмыз. Олардың көбі белсенді тіркелушілерден түскен. Мәселен, балаларды 1-сыныпқа қабылдау жүйесін автоматтандыру қажет. Бұл сыныпты қалыптастыру кезінде белгілі бір ұстазға басымдық беруден арылтады. Жалпы, біздің барлық ұсыныстарымыз балалардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды көздейді.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу