Ұстаздардың мәртебесі көтеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұстаздардың мәртебесі көтеріледі

01.02.2019

Мұғалімдердің мәртебесі туралы заң жобасы қазір жер-жерде талқыланып жатыр. Бүгін аталмыш саланың мамандары «Атамекен» Ұлттық палатасында тағы отырыс өткізді. Құжатты әзірлеушілер соңғы кездері ұстаздың қадір-қасиетінің қашқанын, абыройының түсіп кеткенін айтады. Әлеуметтік желі қолданушылары қит етсе, мұғалімнің қандай да бір жіберген кемшілік-қателіктерін телефонға түсіріп алып, соны желілерде таратуға құмар. «Ол әрекеттерінің ұстазға қаншалықты кері әсер ететін түсінбейді», - дейді. Жаңа құжатта мамандарды осындай келеңсіз жағдайлардан қорғау тетіктері қарастырылған. Білім саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру, баспанамен қамтамасыз ету, зейнет жасын қысқарту, оларға артық жұмыс артпау секілді мәселелер де назардан тыс қалған жоқ.

Майра Амантаева, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы:

- Кез келген заң актілері қаражатпен қамтамасыз етілмесе, ол жай декларация күйінде қалады.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу