Биыл шетел жоғары оқу орындары қазақстандық студенттерге 40 мың білім грантын бөлуге әзір
Бұл туралы Халықаралық бағдарламалар орталығының басшысы Жанболат Мелдешов мәлімдеді.
Биыл қаңтардың 18-нен 21 аралығында 35838 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткен еді. Оның 61-і емтиханды ағылшын тілінде тапсырған. Бұл ретте, ағылшынды сынақ тілі ретінде таңдағандардың қатары артып отыр. Ал, ҰБТ-ны ағылшынша тапсырған оқушы жоғары балл алса, шетелдік университеттер оған тегін грант бермек. Олардың қатарында Австрия, Германия, Украина, Тәжікстан, Ресей, Польша сынды мемлекеттер бар. Мәселен, биыл Қытай жоғары оқу орындары еліміздің білім алам деушілеріне 122, ал, Венгрия 200 грант бөліп отыр.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
