Білім беру ұйымдарының басшылары қызметкерлерінің заң бұзғаны үшін жауапқа тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Білім беру ұйымдарының басшылары қызметкерлерінің заң бұзғаны үшін жауапқа тартылады

17.01.2019

Білім беру  ұйымдарының басшысы заң бұзған қызметкері үшін жауапқа тартылады. Қызылорда облыстық Білім басқармасына қарасты барлық колледж, мектеп, балабақша басшылары арнайы келісімге қол қойды.

Мамандар «Ақмешіт - адалдық алаңы» жобасы аясында қолға алынған бастаманың оң нәтиже беретініне сенімді. Алғашқы болып оқу-ағарту саласының таңдап алынуы да тегін емес. Арнайы жүргізілген мониторинг қорытындысымен білім беру мекемелері  сыбайластыққа бейім салалардың алғашқы бестігіне енген. Былтыр өңірде осы салада сыбайлас сипаттағы  9 заңбұзушылық анықталған. 

Берікбол Байқожаев, облыстық Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары:

- Ұжымда қолайлы жағдай туғызу қажет. Кадрларды іріктеген кезде тамыр-таныстыққа емес, олардың біліміне, біліктілігіне қарап және командалықты жою бағытында осындай шектеулер қойылып отыр. Ол негізінен ұйым басшыларының, білім саласы басшыларының жауапкершілігін арттырып, жемқорлықтың алдын алуға үлкен септігін тигізеді. 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу