Алматыда «Педагогикалық идеялар фестивалі» өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Педагогикалық идеялар фестивалі» өтті

17.01.2019

Алматыда «Педагогикалық идеялар фестивалі» респуликалық конкурсы өтті. Байқау Тұңғыш президент қоры мен «Дарын» ғылыми-практиикалық орғтылығының қолдауымен ұйымдастырылды. Оған еліміздің әр аймағынан іріктелген 400-ге жуық ұстаз қатысты.Ал, жалпы 600-ден астам үміткерден өтініш келіп түскен. 10 бағыт бойынша болған конкурста бүгінгі заманның талабына сай білім беру әдістемелері сыналды. Жаңартылған мазмұнға сай электрондық дәрістер, қашықтықтан оқытуға арналған видоесабақтар, мектептегі жұмыстарды ұйымдастырудың тың тәсілдері көрсетілді.

Тұрсынгүл Шайханова, «Педагогикалық идеялар фестивалінің» жеңімпазы:

- Бүгінгі жаңартылған білім беру мазмұнында, жалпы білім саласында өте көп өзгерістер, жаңалықтар болып жатыр. Сондықтан да әрбір пән мұғалімінің, әрбір педагогтың өзінің айтары бар. Осы фестивальдің мұғалімдерге берері өте көп болып отыр.

Аманкелді СЕЙТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу