Алматыда педагогтар байқауының жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда педагогтар байқауының жеңімпаздары марапатталды

05.11.2019

«Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының Алматы облысы бойынша жеңімпаздары марапатталды.

Аталған шара «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен ІІ рет өтті. Білім жарысына биыл өңірлерден 200-ден астам мұғалім қатысып, бейнесабақтарын жолдаған. Солардың ішінен 60 жұмыс іріктелді. Оқ бойы озық шыққан ұстаздар енді республикалық сайыста бақ сынамақшы. 

Ал қазылар алқасы білім беру ісінде осы заманға сай технологиялардың тиімді қолданылуын бағалады. «Өйткені төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында оқыту жүйесі де сол талапқа сәйкес болуы тиіс»,- дейді мамандар.

Аманкелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу