Қаладағы Нағи Ілиясов атындағы №9 мектеп-гимназиясында «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінің оқулығы мен оқу бағдарламасы апробациядан өткізіліп жатыр. Пилоттық жоба жақсы қолдау тапты. Оң нәтиже берді. Мектеп оқушылары бизнес қауымдастықтарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Кәсіпкерлер де жас ұрпақтың бәсекеге қабілетті, зерделі, ой-өрісі кең азамат болып қалыптасуына атсалысуда.
Гүлмира Әлназарова, облыстық Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы:
- Ашық сабақтарға қаланың белгілі кәсіпкерлерін шақырамыз. Ол кісілер балалардың сұрақтарына жауап беріп, оларды кәсіпкерліктің қыр-сырларымен таныстырады. Сабақтың мақсаты – балаларды кішкентай кезінен бастап кәсіпкерлікке баулу, алдына мақсат қоюды үйрету.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.