Астанада дизайн және технология институты ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада дизайн және технология институты ашылды

26.12.2018

Тігіншілер қоғамы Халықаралық банктың грантын ұтып алып, «Сән әлемі» атты жаңа орталық ашты. Институтта жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстары арқылы технологияларды және кәсіпорындарды басқару жүйесі жетілмек. Бүгінде елімізде тігін өнеркәсібі артта қалып отыр. Оған себеп – маман тапшылығы, зерттеулердің аз жүргізілуі, ескірген технология мен құрал-жабдықтар себеп. Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіптің 7 пайызын ғана отандық өнімдер алады. Қалған 92 проценті Қытай, Ресей, Белоруссия, Түркиядан тасымалданады. Ал, елімізде киім тігетін 500-дей өндіріс орны болса, оның 75 пайызы арнайы жұмыс киімін тігеді.

Бэла Өмірәлиева, «Сән әлемі» дизайн және технология институты директорының орынбасары:

- Дүкенге келіп, өзіңізге киім таңдаған кезде, кейде өлшемі келсе, ұзындығы келмейді. Біз Ресей жасаған типологияны қабылдап отырмыз. Бірақ, оны зерттеуді біздің институт мақсат етіп қойып отыр.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу