Басты Жаңалықтар Астанадағы №51 мектепке ұлт қайраткері Мұстафа Шоқайдың есімі беріледі

Астанадағы №51 мектепке ұлт қайраткері Мұстафа Шоқайдың есімі беріледі

Қазір құжаттарын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы «Өркендеу» жобасын қорытындылауға арналған семинарда алаштанушы Дихан Қамзабекұлы мәлімдеді. Жас ұрпақтың бойында отбасы құндылықтарын қалыптастыру мақсатын көздейтін «Өркендеу» жобасы әзірге №51 мектепте қолға алынып отыр. Үш мың оқушыны қамтыған бастама сәтті жүзеге асса, барлық қала мектептеріне енгізілетін болады. Жоба белсенділері жыл бойы «Әке – шаңырақ тірегі», «Ақылды ене, инабатты келін», «Отбасы және болашақ ұрпақ» тақырыбында тағылымды жиындар өткізді.

Күнімхан Дүйсенова, №51 мектеп гимназиясының директоры:

- Дана қыздарымыздың даралығын танытатын, ер-азаматтардың әрқашан да бір сөзді болатынын, қиындықтан қорықпайтынын, еліміздің, ұлтымыздың тілін, дінін, салтын, дәстүрін жалғастыратынын көрсететін шара. Ертеңгі мереке баршамызға құтты болсын.

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу