Басты Жаңалықтар Алматыда педагогтардың байқауы өтті

Алматыда педагогтардың байқауы өтті

Алматыда «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. Биыл алғаш рет ұйымдастырылған бұл жарыс ұстаздардың ақпараттық технологияларды қолдану дағдысын дамытуға бағытталған. «Сондай-ақ, еліміздегі білім берудің барлық деңгейін қамтитын бірегей байқау», - дейді ұйымдастырушылар. Айтсақ, қатысушыларға ешқандай шектеу жоқ. Сондықтан, қалалық кезеңге педагогтардан 130 өтінім келіп түскен. Солардың ішіндегі 50-ден астам жұмыстың иесі жүлдегер атанып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бақытжан Әбікеева, байқау жеңімпазы:

- Бұл сайыс бізге өте пайдалы болды. Сайысқа қатысқанда біз балалармен сабақтар өткіздік. ПР кодты қолдандық, одан кейін барып жаңа технологиялар қолдандық. Бізге бұл өте пайдалы болды.

 

Аманкелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу