Астанада өткен ұстаздар сайысында 53 қатысушы республикалық байқауға жолдама алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада өткен ұстаздар сайысында 53 қатысушы республикалық байқауға жолдама алды

29.10.2018

Астана қаласында өткен «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының 53 қатысушысы республикалық сайысқа жолдама алды. Бейнесабақтар мен бейнедәрістер байқауына 150-ден астам ұстаз қатысқан. Үздіктер әдістемелік материалдың мазмұны мен бейнесабақтардың сапасына қарай анықталды. Байқауға мектепке дейінгі, орта және техникалық білім беру мекемелерінің мұғалімдері қатысты. Республикалық сайысқа өңірлердің үздіктері жиналды.

Людмила Саинова, «Өрлеу» АҚ Астана қаласы бойынша филиалының басшысы:

- Бұл ұстаздардың мәртебесін көтеретін байқау. Біздің ұстаздар өзінің үздік идеяларын таныстырды. Конкурсқа ұсынылған үздік жұмыстар білім беру порталына орналастырылады. Яғни, бұл тәжірибе алмасуға да мүмкіндік береді.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу