Cемейде «ЭКСПО-2017: Балалар көзімен» атты көрме-байқауы өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Cемейде «ЭКСПО-2017: Балалар көзімен» атты көрме-байқауы өтуде

30.03.2016
Cемейде «ЭКСПО-2017: Балалар көзімен» атты көрме-байқауы өтуде
Оған оқушылар жасаған 500-ге жуық экспонат қойылды.

Жас техниктердің шығармашылығын шыңдап, тың идеяларды қолдауға бағытталған шараға қатысушы өнертапқыштар бір-бірімен іс-тәжірибе алмасып, ой-қиялдарының жемісін көпшілікке ұсынуға мүмкіндік алды.

Көрме 2 бөлімнен тұрады.Олар техникалық және сәндік қолданбалы өнімдерді қамтыған. 4 күнге созылатын шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, үздік өнертапқыштардың еңбектері республикалық энциклопедияға енбек.

Сондай-ақ, жеңімпаздар ауқымды жарыстарға жолдама алады.

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу