Астанада Мұқағали Мақатаев атындағы қалалық байқаудың жеңімпазы анықталды
Астанада алғаш рет ұйымдастырылған «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» атты қалалық байқаудың жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Байқауға 20-30 жас аралығындағы 40 ақын қатысты. Соның ішінде 7-еуі ақтық мәреге шықты.
Байқаудың алғашқы кезеңінде ақындар Мұқағалидың өмірі мен шығармашылығына арнаған өз өлеңдерін оқыды. Келесі бөлімде туған тіл тақырыбын өзек етіп, ана тілдің құдіретін тілге тиек етті.
Байқаудың алғашқы кезеңінде ақындар Мұқағалидың өмірі мен шығармашылығына арнаған өз өлеңдерін оқыды. Келесі бөлімде туған тіл тақырыбын өзек етіп, ана тілдің құдіретін тілге тиек етті.
Жыр бәйгесі Мұқағали Мақатаевтың өлеңіне жазылған әндерді орындаумен, оның күнделігінен сыр шертумен қорытындыланды. Бақ сынаған ақындардың барлығы бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.
Ал, I орынды жеңіп алған Жұлдызай Ысқақ республикалық байқауға жолдама алды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Конституциялық реформаға Грекия ғалымдары пікір білдірді
13.03.2026, 17:40
«Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
13.03.2026, 17:39
Жедел жәрдем қызметі ардагеріне құрмет көрсетілді
13.03.2026, 17:38
Мәскеуде қазақ мәдениетінің кеші өтті
13.03.2026, 17:37
Семейде ЮНИСЕФ Жастар хабы ашылды
13.03.2026, 17:35
Иран қалаларындағы шеруге мыңдаған адам қатысты
13.03.2026, 17:33
Пәкістан әуе күштері Кабул мен Қандағарды атқылады
13.03.2026, 17:31
Оқушылардың картасыын кәсіпкерлердің өзі терминалға басып отырған
13.03.2026, 17:29