Қарағанды облысында «Мың бала» жобасының жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында «Мың бала» жобасының жеңімпаздары марапатталды

01.11.2019

Қарағанды облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының өңірлік кезеңі аяқталды. Шараның мақсаты –т үрлі этностардың өкілдеріне мемлекеттік тілді үйрету, қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді дәріптеу, тұрмыс-салт, мәдениетіміз бен өнерімізге баулу. 

Жоба аясында қатысушылар арасында қазақ тілін оқытудың авторлық бағдарламалары, асыл сөздер, латын графикасы бойынша шығармашылық байқау, әлеуметтік желі арқылы өзін насихаттау сынды номинациялардың жеңімпаздары анықталды. Жүзден жүйрік шыққан 4 жеңімпаз республикалық кезеңге жолдама алды. 

Жанна Сеченева, байқауға қатысушы:

Республикалық кезеңге жоғары деңгейде дайындаламын. Қазақ мектебінде оқимын. Қазақ тілінен өтетін байқауларда өзімді көрсетуге тырысамын.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу