Павлодарда «Тілдарын» облыстық олимпиада өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда «Тілдарын» облыстық олимпиада өтті

03.10.2014
Павлодарда «Тілдарын» облыстық олимпиада өтті

Бүгін С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Тілдарын» облыстық олимпиадасы өтті, деп хабарлайды Павлодар облысы әкімдігінің ресми сайты.

Шараның мақсаты - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу. Аталмыш байқауға 18-25 жас аралығындағы облыстың қала, аудандарында өткен байқаулардың жеңімпаздары қатысып, өз біліктілігін шыңдады.

Әділқазылар алқасының қорытындысы бойынша бірінші орынды Екібастұз қаласының үміткері Назерке Дүйсенбай, 2 орынды Лебяжі ауданынан Айзада Рысбекова, 3 орынды Шарбақты ауданынан Айгерім Жұманғалиева иеленді.

Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтар, дипломдар және алғыс хаттармен марапатталып, олимпиада жеңімпазы республикалық байқауға жолдама алды.

Хабарламаларға жазылу