Алматыда «Жиенбет батыр – тарихи тұлға» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ерлік жолын үлгі етуге арналған шарада жиналғандарға белгілі ғалымдар батырдың өнегелі өмірі туралы айтты. Сыртқы жаулармен шайқаста ел бірлігі мен жер тұтастығы үшін күрескен Жиенбет батыр Байқошқарұлы ерен ерліктерімен көзге түсіп, Қаратаудың жас жолбарысы атанған. Абылайхан заманында болған барлық қиян-кескі шайқастардың бел ортасында жүрген. Жиенбет батыр туралы деректер Мәскеу мен Қытай архиві, ел ішіндегі тарихшы-шежірешілердің жазбалары мен ауызекі әңгімелерде сақталған.
Марат Омаров, ҚР Еңбек сіңірген әртісі:
- 17 ғасырда жоңғарлармен соғысқан кезде ел үшін, жер үшін жанын пида еткен бабамыз. Сондықтан да, «Жиенбет батыр» деген ән дүниеге келіп отыр. Ол жастарға, өскелең ұрпаққа үлкен өнеге болады деп сенемін.
Руслан ҚОСАНОВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
