Атырауда 2 жоғары оқу орны мен 15 колледж білім берудің заңнама талаптарын бұзып келген
Атырауда 2 жоғары оқу орны мен 15 колледж білім берудің заңнама талаптарын бұзып келген. Атап айтқанда, бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланып, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және мүгедек студенттердің әлеуметтік кепілдіктеріне қысым көрсеткен.
Сондай-ақ, жалған диплом жасау және сеніп тапсырылған мүлікті ысырап ету дерегі де анықталды. Тексеріс нәтижесінде, барлығы 44 тұлға әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 146 млн. теңгеден астам қаржы мемлекет есебіне қайтарылды.
Аслан Нұрғалиев, Атырау облыстық прокуратурасы басқарма бастығының орынбасары:
2016 жылдан бастап және 2018 жылға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мүгедек 108 студентке заңнама талаптарына қайшы ұлғайтылған мөлшерде төленбеген 9 млн. теңге шәкіртақыны колледждер төлейтін болады.
Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
