Биыл 110 жаңа мектеп пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл 110 жаңа мектеп пайдалануға берілді

29.08.2018

Осыған дейін Астананың бес мектебінде латын әліпбиімен оқытуды бастайтынын айтқан болатынбыз. Алайда, бүгін журналистермен кездескен министр ол мектептердің әлі таңдалмағанын жеткізді. Бас мұғалімнің айтуынша, латын тілінен оқытатын мұғалімдер арнайы дайындалыпты. Олар сабақ бере бастағанда тілшілерге баспасөз турын ұйымдастырамыз деп уәде етті. Министрге қойылған сұрақтың көбі мектептің аздығы туралы болды. Әсіресе, бұл Астана мен Алматыға қатысты. Ведомство басшысының сөзінше, соңғы үш жылда елімізде 500-ге жуық мектеп салынған. Аймақтардағы жағдай тұрақты. Астанадағы мектептерге баланың сыймай жатқан себебі, көшіп келушілер өте көп. «Республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатты тек елордаға жұмсай алмаймыз. Сондықтан қазір білім ошақтарын  салуды кәсіпкерлерге тапсырып жатырмыз», - деді министр. Ал, биыл  мектепке қабылдау үшін тұратын жерінен анықтама алу міндет емес. Мектеп басшылығы аталған құжатты сұратқан жағдайда, құзырлы оргнадарға шағымдануыңызға қақыңыз бар.  

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

- Астана қаласы бойынша осы жұма ішінде 5 мектептің директоры жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде қатаң сөгіс те бар. Нақты жіберілген қателіктер бойынша шара қолданылып жатыр. 

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу