Астанада ағылшын тілі пәні мұғалімдері бас қосты

20.06.2018

Астанада ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің басын қосқан үлкен жиын басталды. Республикалық конференцияға елдің түкпір-түкпірінен 500-дей ұстаз келген. Олар ағылшын, химия, физика және информатика пәнінен сабақ беретіндер. Білім министрлігінің жаңартылған бағдарламасына сәйкес, өткен жылдан бастап ағылшын тілі 1-сыныптан бастап оқытылып жатыр. Ал, осы жылдың екінші жарты жылдығынан бастап пилотты жоба ретінде кейбір мектептерде химия, физика, информатика пәндері ағылшын тілінде оқытылу басталып кетті. Сол мұғалімдер тағы да біліктілігін жетілдірмек. Ол үшін шетелден арнайы мамандар келген. 

Дина Сәдірбаева, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, әдіскер:

- Оқуға жіберердің алдында әрбір мектеп ағылшын тілінен хабары бар,  белгілі бір деңгейі бар мұғалімдерді жібереді. Олар бірден ағылшын тілінде өтпейді. Алғашында терминологиясын оқиды.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу