Астанада ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған қалалық әдістемелік семинар өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған қалалық әдістемелік семинар өтеді

22.01.2016
Астанада ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған қалалық әдістемелік семинар өтеді

23 қаңтарда Астана қаласы «Дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатында» үш тілде білім берудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік жұмыстарының жүргізілу барысында іс-тәжірибе бөлісу үшін ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған қалалық әдістемелік семинар өтеді.

Шара Мемлекет басшысының «100 нақты қадам: баршаға арналған заманауи мемлекет» Ұлт жоспарын орындау мақсатында ұйымдастырылып отыр.  

Сабақтарда үш тілді жетік білетін, қызметтің әртүрлі салалары бойынша диалогты табысты жүргізе алатын, өз халқының мәдениетін бағалайтын және өзге халықтардың мәдениетін түсініп, құрметтейтін оқушының көптілдік тұлғасын қалыптастыру барысында қала мектептері мұғалімдерімен тәжірибе бөліспек.

Семинар барысында тренингтер, шеберлік сыныптары, ағылшын тілінен ашық сабақтар және оқушылар мен мұғалім-қонақтар арасындағы  әртүрлі тақырыптағы диалог өткізіледі.

Семинарға Білім басқармасы әдіскерлері мен қала мектептерінен 40-45 мұғалім қатыспақ.

Хабарламаларға жазылу