Басты Жаңалықтар Биылдан бастап 6 жасқа толық толмаған бала мектепке бара алады

Биылдан бастап 6 жасқа толық толмаған бала мектепке бара алады

Білім және ғылым министрлігі мыңдаған ата-ананың өтінішін қарастырып, арнайы қаулы қабылдады. Бұл туралы ведомство өкілдері баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оқу жылы басталғанда жасы 5-те, алайда, бір-екі апта ішінде алтыға толатын балалар білім ордаларына өтініш білдіре алады. Сондай-ақ, жиында министрлік Ұлттық бірыңғай тестілеудің республика бойынша қорытындысын жариялады. Биыл білім ордаларынан түлеп ұшқан түлектердің 90 пайызы тестілеуден өткен. «Алтын белгіден» үміткер 6892 түлектің тек 112-сі ғана атағын қорғай алмады. Тұтастай алғанда еліміздегі білім беру саласы қарқын алып келеді. «Оған биылғы тест қорытындысы дәлел»,- дейді ведомство басшылығы. 

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

- Оқу жылының қорытындысын алатын болсақ, білім сапасы жоғарылады. 4 пен 5-ке бітірді. Тек 5 алғандар 20 пайыз. Алдыңғы жылы 17 пайыз болған 3 пайызға артты.

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу