Елімізде ең көп кәсіпкер Түркістан облысында тіркелген
Елімізде тіркелген ең көп заңды тұлғалар мен кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары Түркістан облысында. Мұндай статистикалық мәліметтер республика бойынша жүргізіліп жатқан ұлттық ауыл шаруашылығы санағы барысында анықталған. Бүгінге дейін облыста қызметі мал шаруашылығымен, өсімдік және балық шаруашылығымен байланысты 75 459 жеке және заңды тұлға ұлттық санаққа қатысқан. Дегенмен 1 тамыз күні басталған санақ әлі де жалғасуда. Статистика басқармасының мәліметіне сәйкес, санақтан өткен респонденттер саны Жетісай мен Сайрам аудандарында 8 мыңнан асқан. Ал Сарыағаш, Мақтаарал, Қазығұрт аудандарының жеке көрсеткіштері 6 мыңнан асады. Бүгінде өңірдегі жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылуы тұрақты бақылауда. Дегенмен сарыағаштық нұсқаушылар санақ жүргізу оңайға соқпай жатқанын айтады.
Сапаркүл Орынбаева, нұсқаушы:
Санақты көп жағдайда қашықтықтан аштық. Үлкен адамдар үйіне келе алмағанда солай болды. Алыста тұратындарды табу қиын, тізімде жоқ. Үйінде жоқ, көшіп кеткендер бар бұл жерде. egov танымайтындар көп. Басқа қалалардан шығып жатыр, келе алмайды. Қашықтан барайық десек, телефон нөмірлері дұрыс емес. Сондай қиындық болып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
