Өскеменде оқушылар арасында қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиада басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде оқушылар арасында қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиада басталды

27.04.2018

Өскеменде оқушылардың арасында қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиада басталды. Еліміздің еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қанипа Бітібаеваның атындағы білім сайысы биыл 4-ші рет өтіп жатыр. Оған еліміздің барлық өңірінен 200-ден астам оқу озаты қатысуда.

Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан олимпиада екі күнге созылады. Бірінші айналымда жастар эссе жазса, екінші күні ауызша сұрақтарға жауап береді. Білім додасының жеңімпаздарына жоғары оқу орындарына түсу кезінде мемлекеттік грантқа ие болу басымдығы беріледі. Сайыстың мақсаты - мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтып, оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру.  

Ақнұр Қалиматова, олимпиадаға қатысушы:

- Осы жарысты бізге алғаш айтқан кезден бастап дайындала бастадық. Дайындығымыз өте мықты болды және де бүкіл әдебиетті жаттап алғандай болдық. Осы жарысқа қатысқанымызға өте қуаныштымын және де осындай республикалық деңгейдегі жарысқа келгенімізді мақтан тұтамыз. Бір жағынан, Өскемен қаласын көріп жатырмыз, өте керемет әсердеміз.

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу