Елордалық оқушылар қоғамтану-гуманитарлық пәндер бойынша Олимпиадада үздік атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық оқушылар қоғамтану-гуманитарлық пәндер бойынша Олимпиадада үздік атанды

29.03.2016
Елордалық оқушылар қоғамтану-гуманитарлық пәндер бойынша Олимпиадада үздік атанды

Жарысты ұйымдастырушы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы.

Елордалық оқушылар тоғызыншы рет жалпыкомандалық есепте бірінші орын алып, «Үздік команда» атанды.

Астана қаласының білім беру мекемелерінен олимпиадаға 34 оқушы қатысты. Бес күн бойы олар қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері пәндері бойынша өз білімдерін сынады.

«Бұл 15 пән бойынша өткізілетін жыл сайынғы Олимпиада. Оқушылар арасында іріктеу төрт кезеңмен жүргізілді. Финалға ең мықты 34 бала шықты. Жарыс қиын болды. Оған еліміздің үздік мамандандырылған мектептерінің өкілдері қатысты. Дегенмен, біздің оқушылар тоғызыншы рет топ жарып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға қол жеткізді», - деді «Астана дарыны» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыру-педагогика жөніндегі директордың орынбасары Әлия Аяпова.

Олимпиада нәтижесі бойынша Астана қаласы жалпы командалық есепте І орынды иеленді және «Ең үздік команда» атанды. Олимпиадада 18 оқушы жүлдегер атанды. Үш оқушы бірінші, сегіз оқушы екінші және жеті оқушы үшінші орын алды.

Хабарламаларға жазылу