«Ы.Алтынсарин-2014» республикалық олимпиадасы шақырады

26.01.2014
«Ы.Алтынсарин-2014» республикалық олимпиадасы шақырады

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті еліміздің мектеп бітірушілері арасында қабілетті, дарынды оқушыларды қолдау мақсатында «Ы.Алтынсарин-2014» республикалық пәндік олимпиадасын  27 ақпан күні өткізбек.

Олимпиада келесі аймақтарда өтеді: - Тараз қаласы мен Қордай ауданында; - Шымкент, Түркістан қалаларында; - Қызылорда қаласында, Қазалы, Қармақшы, Жаңақорған аудандарында; - Өскемен; - Алматы, Талдықорған, Жаркент қалаларында, Кеген ауданында. Үміткерлерге тек бір пәннен ғана тест тапсырып, ректор грантына ие болу мүмкіндігі туып тұр: - қазақ тілі мен әдебиеті, - орыс тілі мен әдебиеті, - ағылшын тілі, - физика, - биология, - география, - дүниежүзі тарихы, - химия.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне оқуға түсу барысында Олимпиаданың әр пәнінен 1, 2, 3 орынды иеленген оқушы таңдаған пәні мамандығына сай келген және ҰБТ-ға қажетті өту балын алған жағдайда шәкіртақысыз университет ректорының грантымен марапатталады.

Жүлделі орын алмағандар, бірақ Олимпиаданың деңгейінен өткендер Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне бірінші кезекте қабылдануға құқық беретін сертификаттармен марапатталып, оқудың төлемақысына 10% жеңілдікке құқығы болады.

 www.kazmkpu.kz

Хабарламаларға жазылу