Ағылшынша оқытудың сапасын арттыру қажет - Мәжіліс депутаты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ағылшынша оқытудың сапасын арттыру қажет - Мәжіліс депутаты

06.12.2017

Елімізде 10-сынып оқушыларының 10-15 пайызы ғана ағылшын тілін меңгеріп, осы тілде басқа пәндерді оқи алады. Мектептердегі химия, физика, биология сияқты пәндерді ағылшын тілінде оқыту сапасы көңіл көншітпейді. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Премьер-министрдің атына сауал жолдады. Осы мақсатқа қыруар қаржы бөлініп жатыр, алайда, ол ақша құмға сіңген су сияқты. Өйткені, үш ай мұғалімнің ағылшын тілін меңгеріп кетуіне жетпейді.

Ирина Смирнова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Астанадағы лицейлердің бірінде ағылшын тілінде сабақ беруді тексеру үшін биология пәні бойынша ашық сабақ өткізілді. Мұғалім барлық айтар тәлімін қағазға қарап тұрып, шала ағылшын тілінде оқып шықты. Сабаққа қатысқан 30 баланың бесеуін таңдап алып, сөйлетіп қойған. Мектеп бітіру туралы куәлікте және аттестатта баға емес, тілді білу деңгейін белгілеу қажет.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу