Жекеменшік балабақша педагогтері өз еңбектерінің адал төлемақысын ала алмай жүр - Назарбаева - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жекеменшік балабақша педагогтері өз еңбектерінің адал төлемақысын ала алмай жүр - Назарбаева

10.02.2021
Жекеменшік балабақша педагогтері өз еңбектерінің адал төлемақысын ала алмай жүр - Назарбаева

Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева жекеменшік балабақша педагогтерінің жалақысы туралы Үкіметке сауал жолдады.

«Бізді білім саласындағы шешімін таппаған және өзекті мәселе саналатын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қаржыландырылатын жекеменшік балабақшалардағы педагогтердің жалақысының төмендігі мазалап отыр. 

Алдағы 2 жыл ішіндегі мемлекеттік тапсырыста мектепке дейінгі жекеменшік мекемелерде педагогтерінің жалақы деңгейін көтеру қарастырылмаған», - деді ол төменгі палатаның жалпы отырысында.

Айтуынша, Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2020 жылдың 20 қазан күнгі бұйрығымен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кредиттік технологиямен білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне өзгерістер енгізілген. Онда ресми жалақыға түзету коэффициентін 2020 жылы 25%, 2021 жылы 50%, 2022 жылы 75%, 2023 жылы 100% мөлшерінде енгізу, педагогтердің еңбек демалысының ұзақтығын 56 күнтізбелік күнге дейін арттыру туралы айтылған. 

«Алайда аталған бұйрық жергілікті жерлерде орындалмай отыр. Нәтижесінде жекеменшік балабақшаларының педагогтері өз еңбектерінің адал төлемақысын ала алмай жүр», - деді Дариға Назарбаева. 

Хабарламаларға жазылу