Әлеуметтік қызметтің сапасын арттыру қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік қызметтің сапасын арттыру қажет

15.02.2018

Жыл сайын әйелдердің зейнетке шығатын уақытын 6 айға көбейтіп отырмыз. Ал, елімізде 45 жастан кейін әйел адамға жұмыс табу оңай емес. Сондықтан да Үкімет осы мәселеге баса назар аударуы тиіс. Бүгін осы тақырыпты Мәжілістің «Халық коммунистері» депутаттық фракциясының өкілдері талқыға салды. Адам мемлекеттің ең басты байлығы. Оның жұмыспен қамтылып, сапалы өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалуы тиіс. «Заңнамалық тұрғыда өзгерістер қажет», -  дейді депутаттар. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын көтеру қажеттігі айтылды.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу